ҚФФ Черчесовке қатысты ресми мәлімдеме жасады
ҚФФ Черчесовке қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды
«Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қызметінен кетуі туралы кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды.
Қазіргі таңда Станислав Черчесов құраманың бас бапкері қызметін жалғастырып, Қазақстан футбол федерациясымен келісімшарт бойынша жұмыс істейді.
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі тек ресми ақпарат көзіне, федерацияның ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады», – делінген жазбада.
Айта кетейік, бұған дейін жаңа сайланған президент Станислав Черчесовті жұмыстан босатады деген ақпарат тараған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или