Бокстан үш қазақстандық чемпион мерзімінен бұрын анықталды
Қарағандыда бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық кездесулері өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үш чемпионның есімі белгілі болды. Ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан чемпион атанды. Оның қарсыласы Санатәлі Төлтаев сырқатына байланысты жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды.
Сондай-ақ екі ағайынды Нұрлан мен Данияр Сапарбай жұдырықтасуы тиіс ерлер арасында 92+ салмақ дәрежесінде финалдық жекпе-жек өтпейді. Нұрлан чемпион атанды.
Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде де қарсыласының бас тартуына байланысты Назым Қызайбай жекпе-жексіз Қазақстан чемпионы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или