1300 бала жиналды. Қазақстанның спорттан үздік өңірлері анықталды

1300 бала жиналды. Қазақстанның спорттан үздік өңірлері анықталды

19-22 желтоқсан арасында Алматыда республикалық «AUYL SPORT-2024» турнирі өтіп, жарысқа 1300 бала қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаңа жыл қарсаңында Алматы спорттық жарыстың нағыз орталығына айналды. AUYL SPORT-2024 республикалық турнирінің финалы еліміздің 17 облысынан 1300-ден астам жас спортшыны бір алаңға жинады. Тимур мен Динара Құлыбаевтардың Halyk қайырымдылық қоры ұйымдастырған ауқымды шара балалардың өздеріне сеніп, дарындарын көрсетуге мүмкіндік берді.

«АУЫЛ СПОРТ»: ауылдан үлкен арманға жол

«AUYL SPORT» жобасы осыдан үш ай бұрын 200 ауылдан 12 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер қатысқан облыстық турнирлерден бастау алды. Олардың көпшілігі үшін бұл жарыс спорт биігіне аттаған алғашқы қадам болды.

«AUYL SPORT - бұл бәсекелестіктен гөрі, шабыт алаңы. Бұл ауыл балаларының жаңа көкжиектерін ашып, өзіне сеніп, үлкен жетістіктерге алғашқы қадам жасауына мүмкіндік. Біз олардың талантына сенеміз және олардың арманына жету жолында қолдау көрсетуге дайынбыз», – дейді Halyk қорының Алматыдағы филиалының директоры Ғалымбек Жақсылықов.


Жеңіске алғашқы қадам

Турнирдің финалында бокс, күрес, каратэ, баскетбол, волейбол және шахмат сияқты алты пән бойынша жарыстар өтті. Жарысқа қатысушылардың көбісі мұндай үлкен аренаға бірінші рет шықты.

Еркін күрестен командалық есепте Алматы облысы үздік болды - екі алтын, бір күміс медаль. Ал Атырау облысының балуандар бір алтын және үш қола жүлдемен екінші орын алды. Түркістан облысы үздік үштікті түйіндеді - бір алтын және екі қола медаль.


Ал бокстан командалық есепте Жамбыл облысы жеңді, олар 1 алтын, 2 күміс және бір қола медаль еншіледі. Екінші орынды Ақтөбе, үшінші орынды Абай облысы жеңді.

«Көбінесе ауыл балаларына қаржылық жағдайға байланысты ірі турнирлерге қатысу қиынға соғады. «Халық» қорының қолдауы оларға өздерін көрсетуге және жоғары деңгейдегі бәсекенің дәмін татуға мүмкіндік берді. Бұл маңызды, өйткені біздің Олимпиада чемпиондарының көбі ауылдан шыққан», - деді бокстан жаттықтырушы Нұржан Әлімжанов.

Турнир жеңімпазы жас палуан Асқар Ермек өз әсері туралы былай деді:

«Мен өз атымды, ауылымның атын асқақтата алғаныма шексіз қуаныштымын! Бұл менің ең үлкен спорттық іс-шарам, мен ұйымдастырушыларға осы мүмкіндік үшін алғыс айтамын – эмоцияларды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес!»

Ауыл балаларының болашағына инвестиция

2016 жылдан бері Halyk қайырымдылық қоры жалпы сомасы 85 миллиард теңгені құрайтын 120-дан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырды.


«AUYL SPORT» жобасы қордың ауылдық жерлерде бұқаралық спортты дамытуға бағытталған негізгі бастамаларының біріне айналды.Тек осы жобаға 500 миллион теңге бөлінді.

«Біздің мақсатымыз – спортты танымал ету ғана емес, қай жерде тұратынына қарамастан барлық балаларға тең мүмкіндіктер жасау. Мұндай бастамалар Қазақстанның болашағын құратын жастардың бойында сенім мен мінезді қалай арттыратынын көріп отырмыз», – деді Ғалымбек Жақсылықов.

Өмірді өзгертетін эмоциялар

«АУЫЛ СПОРТ» балалар үшін жай ғана жарыс емес, жаңа дүниенің есігі болды. Көпшілік үшін бұл олардың үлкен қалаға бірінші сапары, кәсіби аренамен алғашқы кездесуі және алғашқы үлкен жеңістері болды.«Балам Алматыдағы аренаға алғаш шыққанда көзі нұрланып кетті. Бұл мүмкіндік үшін алғыс айтамыз – бұл біздің өмірімізді өзгертті», - деп бөлісті қатысушылардың бірінің анасы Айгүл Мұсаева.

«АУЫЛ СПОРТ»: болашаққа шабыт

AUYL SPORT-2024 жобасы – жаңа мүмкіндіктер ашатын және шабыттандыратын алаң. Бұл балалар қайсарлық пен талант кез келген шекараны жеңе алатынын дәлелдеп үлгерді.

«Біз бұл жігіттердің арасында болашақ чемпиондар бар екеніне сенімдіміз. «AUYL SPORT» – жай жарыс емес, ол – қоғамымыздың кемел келешекке деген сенімінің мерекесі», – деп қорытындылады турнирді ұйымдастырушылар.

Волейбол жарысынан ұлдар арасында Алматы облысы топ жарды. Жамбыл облысы күміс медаль алса, Ақтөбе облысы үздік үштікті түйіндеді. Ал қыздар арасында Солтүстік Қазақстан облысы бірінші орын алды. Жамбыл облысы бұл жолы да күміс, Алматы облысы қола медаль еншіледі.

Ал шахматтан Жамбыл облысы екі алтын, Түркістан облысы екі алтын медальді қанжығалады.

Баскетболдан ұлдар арасында да, қыздар арасында да Жетісу облысы топ жарды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или