Қазақстандық файтердің келесі жекпе-жегінің өтетін күні анықталды

Қазақстандық файтердің келесі жекпе-жегінің өтетін күні анықталды

Ресейлік файтер Юсуф Раисов (21-3) пен қазақстандық Артем Резников (22-8) арасындағы реванш 8 ақпанда Краснодарда өтетін ACA 183 турнирінде өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек жартылай орта салмақта (77 келіге дейін) өтеді.

Еске салайық, реванш 15 желтоқсанда Мәскеудегі ACA 182 турнирінде өтуі керек еді, алайда жекпе-жекке екі күн қалғанда Резников денсаулығына байланысты қатысудан бас тартты.

Раисов пен Резников арасындағы бірінші жекпе-жек 2020 жылы қыркүйекте ACA 111 турнирінде өткен. Сол жекпе-жекте қазақстандық спортшы төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или