Қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтың келесі қарсыласы ауысты

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтың келесі қарсыласы ауысты

Супер орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (22-1, 16 КО) өзінің келесі жекпе-жегін 2025 жылдың 17 қаңтарында Коммерс қаласында (Калифорния, АҚШ) өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бастапқыда Ахмедовтың қарсыласы ретінде америкалық Рональд Эллис (18-5-2, 12 КО) аталды, бірақ енді BoxRec.com сайтында Әлидің қарсыласы ретінде АҚШ-тың тағы бір өкілі Малколм Джонс (17-4-1, 10 КО) көрсетіліп тұр. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған.

Бокс кешін промоутер Том Лоффлер (360 Promotions) жүргізеді және UFC Fight Pass арқылы көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или