Санжар Әділовтың чемпиондық титул үшін басты жекпе-жегі нокаутпен аяқталды
Шымкентте аралас жекпе-жектен өткен Alash Pride 104 турнирінде кештің басты жекпе-жегі өтіп, қазақстандық Санжар Әділов (13-2-1) ресейлік Дмитрий Яковлевпен (7-7) қолғап түйістірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әділовтың жеңіл салмақтағы Alash Pride лигасының титулы бәске тігілді. Жекпе-жек бес раундқа жоспарланған болатын, бірақ барлық қашықтыққа созылмады: екінші раундта қазақстандық файтер нокаутпен жеңіске жетті.
Санжар Әділов кәсіпқой мансабындағы он төртінші жеңісіне қол жеткізіп, жеңіл салмақтағы Alash Pride чемпионы атағын сәтті қорғады, ал Дмитрий Яковлев кәсіпқой ММА-да сегізінші рет жеңіліске ұшырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или