Қуат Хамитов келесі жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады

Қуат Хамитов келесі жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (26-8-2) ресейлік Мариф Пираевпен (34-5-1) өтеді деп жоспарланған жекпе-жек кейінге шегерілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хамитов пен Пираев 27 желтоқсанда Алматыда кәсіпқой бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізуі керек еді.

«Мен жарақат алып қалдым, сол үшін жекпе-жек өткізе алмаймын! Сондықтан, келесі кездескенше», – деп жазды файтер Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Қуат Хамитов аралас жекпе-жекте кейінгі рет мамыр айында ресейлік файтер Александр Шлеменкомен (67-15-1) жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или