Қазақстандық футболшы Бактиер Зайнутдинов тағы жарақат алды ма?

Қазақстандық футболшы Бактиер Зайнутдинов тағы жарақат алды ма?

«Бешикташ» командасының техникалық директоры Халим Окта Түркия Суперлигасының 17-ші турында «Аланьяспорға»(1:1) қарсы ойында Қазақстан құрамасының футболшысы Бактиер Зайнутдиновты алмастырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Окта матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында мәлім еткендей, қазақстандықтың футболшы жарақат алып, соның себебінен орнына Артур Масуаку шықты. 

Естеріңізге сала кетейік, Зайнутдинов «Бешикташ» сапында негізгі құрамда шығып, 70-минутта ауыстырылған болатын. Қазақстандық өз ойыны үшін Flashscore-тен 8,0 ұпай алды – бұл алаң иелерінің сапындағы ең үздік ұпай.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или