«Арсенал» «Барселона» ойыншысын тегін алуы мүмкін

«Арсенал» «Барселона» ойыншысын тегін алуы мүмкін

«Арсенал» 26 жастағы «Барселона» жартылай қорғаушысы Дани Ольмоға қызығушылық танытып отыр. Футболшы Испания Ла Лигасында тіркеу мәселелеріне байланысты қаңтар айында каталониялық клубтан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

TEAMtalk мәліметінше, лондондық клуб осындай деңгейдегі ойыншыны тегін алу мүмкіндігін пайдалануға тырысады. Алайда «зеңбірекшілерге» «Манчестер Сити» мен «Бавария» бәсекелес болуы мүмкін.

Ал «Барселона» болса, Ольмоның тіркелуін осы маусымның соңына дейін ұзарту жолдарын іздеп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или