«Ертіс» бұрынғы ойыншылар алдындағы қарызын өтеуге жақын

«Ертіс» бұрынғы ойыншылар алдындағы қарызын өтеуге жақын

Қазір бір ғана шетелдік легионердің қарызы жабылмаған. Клуб басшылығы өзге борыштардың барлығын жолын тауып, реттеген.

Павлодарлық «Ertis» футбол командасы келер жылы Бірінші лигада ойнайды. Футбол чемпионатындағы жолын қайтадан «нөлден» бастауға мәжбүр болған ол биыл Екінші лигада жеңімпаз атанды. 

Клуб директоры Сейітбек Сембаевтың айтуынша, команданың топ-менеджменті жыл бойы ескі қарыздарды жабумен шұғылданған.

— «Ertis»-тің бұрынғы футболшылары мен бапкерлері алдыңда біраз борыш жиналып қалғаны мәлім. Мұндай қарыздардың саны — 37. Біз облыс басшылығының қолдауымен барлық мәселені реттедік. Соның ішінде болгариялық бапкер Димитар Димитровпен де толық есеп айырыстық. Ол өзге футболшылар секілді қарыз сомасын жеңілдетуге келісті. Клубты сақтап қалу маңызды екенін барлығы түсінді. Қазір бір ғана футболшының, атап айтқанда түркімендік легионер Руслан Мингазовтың борышы жабылған жоқ. Футболшы қарыз сомасын шегеруден бас тартты. Оның мәселесі келер жылдың басында шешіледі, — деп атап өтті Сейітбек Сембаев. 

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или