ҚХЛ: «Трактор» — «Барыс» матчының тікелей трансляциясы
Бүгін, 21 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты маусымы аясында «Барыс» сырт алаңда «Трактормен» кездеседі. Ойын «Трактор Аренада» өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасы әзірге Шығыс кестесінде 11-орында тұр. 38 кездесуде қазақстандықтар 23 ұпай жинады. Алдыңғы матчта Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері «Куньлуннан»ұтылып (0:2), Мәскеудің «Динамосын» 2:0 есебімен жеңген болатын.
«Трактор» 36 матчта 48 ұпай жинап, Шығыс конференция кестесінде 1-орында тұр.
«Трактор» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 16:00-де басталады, оны Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или