Кейн? Бундеслигада ең қатты арзанған футболшылар жарияланды
Беделді Transfermarkt порталы Бундеслигада ең қатты арзандаған футболшылар тізімін жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл тізімде «Бавария» футболшылары көш бастап тұр. Алғашқы төрт футболшы - мюнхендік команданың өкілдері.
Бундеслигада ең қатты арзандаған футболшылар:
1. Лерой Сане, «Бавария» (-15 млн) — 45 млн еуро;
2. Харри Кейн, «Бавария» (-10 млн) — 90 млн еуро;
3. Жоау Пальинья, «Бавария» (-10 млн) — 40 млн еуро;
4. Матис Тель, «Бавария» (-10 млн) — 30 млн еуро;
5. Дониэлл Мален, «Боруссия» Дортмунд (-10 млн) — 30 млн еуро;
6. Амин Адли, «Байер» (-8 млн) — 22 млн еуро;
7. Эдмон Тапсоба, «Байер» (-5 млн) — 40 млн еуро;
8. Алехандро Гримальдо, «Байер» (-5 млн) — 40 млн еуро;
9. Эксекиэль Паласиос, «Байер» (-5 млн) — 40 млн еуро;
10. Серж Гнабри, «Бавария» (-5 млн) — 35 млн еуро.