Марат Омаров ҚФФ президенті ретіндегі мақсатын айтты
Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті Марат Омаров жаңа қызметтегі мақсатын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Құрметті қазақстандықтар!
Бүгін, 20 желтоқсан Қазақстан футбол федерациясының президенті сайлауы өтті, әрі оған менің кандидатурам ұсынылды. Мен аз уақытта, үлкен жұмыс жасаған командамның үйлесімді жұмысының арқасында жеңіске жеттім.
Қазақстан Футбол Федерациясы Президентінің рөлін үлкен жауапкершілікпен қабылдаймын. Бұл маңызды және жауапкершілігі мол жол. Мен үшін, футбол тек ойын емес. Бұл - мәдениет, адамдардың басын бір арнаға тоқыстырып, болашақты құру жолында жаңа биіктерге жету мүмкіндігі.
Біздің мақсаттарымыздың бірі бұқаралық футболды дамыту, балалар мен жастарға халықаралық аренада мықты болып, бәсекеге түсу үшін өздерін дәлелдеуге мүмкіндік жасау. Менің сенімді өкілдерім айтқандай, Англияда оқып жүргенде жасөспірімдер лигасында футболшы ретінде өнер көрсеттім, әлемге әйгілі командалар арасында ойнағаным менің кейінгі қызметімде тәжірибелі болуыма септігін тигізді.
Биылғы жылы 2 қыркүйекте «Әділ Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» тармағын арқылы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Онсыз дені сау жастарды тәрбиелеу және бүкіл ұлттың денсаулығын нығайту мақсатына қол жеткізу мүмкін емес», - деп атап өтті.
Кәсіби футболды, еліміздің ішкі біріншілігін дамыту, Қазақстан ұлттық құрамасының сапасын көтеру жөніндегі барлық сұрақтарға біз бірге жауап табамыз.
Біздің спортты қолдайтын жандарға үлкен алғыс! Қазақстандағы футболмен байланыста болған әрбір адам елдегі футбол мәдениетін дамыту жетістіктерімен мақтана алатындай нәтижеге жұмыс істейтін боламыз», - деп жазды Омаров Facebook-те.