ҚФФ президенттігіне үміткер сайлауды сынап тастады

ҚФФ президенттігіне үміткер сайлауды сынап тастады

ҚФФ президенттігіне үміткер Ербол Қайыров бүгін өткен сайлау туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бізде халық емес, сайлау алдында бағдарламаңды мақтап, бетіңе күліп қарайтын федерация мүшелері таңдайды. Бірақ 34 дауыстың бір адамға берілуі жағдайды айдан анық етті. Қандай да бір қысым болып, мәселе алдын ала шешіліп қойған секілді. Сонымен қатар сайлаудың нәтижесі бір телеграм-арнада ресми мәлімдемеден екі минут бұрын шығып қойды. Бұл барлығы баяғыда шешіліп қойғанын білдіреді. Менің ойымша, бұл жай ғана сценарий болды. Алайда адамдарды сендіре алмады, тіпті қатысып отырған аймақтық федерация өкілдері де 36 дауыстың 34-і бір адамға берілетініне сенбеді», – деді Қайыров.

Еске салайық, бүгін Қазақстан футбол федерациясының президенті болып 36 жастағы Марат Омаров сайланған болатын. Ол 36 дауыстың 34-ін жинаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или