Қазақстандық волейболшы шетелдік клубтың капитаны болды
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Индонезияның Yogya Falcons командасының капитаны атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен Yogya Falcons командасының капитаны болғанымды мақтан тұтамын. Бүкіл командамызға, жаттықтырушыларға, менеджерлерге, клуб директорына сенім үшін рахмет. Бұл менің бірінші рет капитан болғаным емес, сондықтан мен оның қаншалықты жауапты екенін білемін. Бүгін біз бірінші ойынымызды өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жеттік. Біраз қателіктер болды, бірақ біз оларды түзетіп, ProLeague 2025-ке дайындалуға дайынбыз», - деп жазды Алтынбекова Instagram парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Сабина Алтынбекова қазан айының соңында Yogya Falcons командасымен келісімшартқа отырған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или