Қазақстан құрамасының шабуылшысы үш жылға хоккейден шеттетілуі мүмкін

Қазақстан құрамасының шабуылшысы үш жылға хоккейден шеттетілуі мүмкін

«Торпедо» мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Зубов үш жылға хоккейден шеттетілуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, Азия чемпионатында алынған допинг-сынамадан тыйым салынған препараттың іздері анықталған. Алексейдің айтуынша, бірнеше жыл бұрын ол құрамында аталған препарат бар спорттық қоспа қолданған.

Қазақстан құрамасына және Өскеменнің «Торпедо» командасына ойыншының матчтардан шеттетілгені туралы хабарлама келді. Қазіргі уақытта хоккейші комиссия шешімін күтіп жүр.

Еске салайық, 2013 жылы Илья Соларев құрамында сальбутамол бар препаратты қолданғаны үшін екі жылға шеттетілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или