Волейболдан Қазақстан чемпионаты: оралдық «Жайық» көш бастады

Волейболдан Қазақстан чемпионаты: оралдық «Жайық» көш бастады

Павлодар қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық маман Виктор Козик жаттықтыратын Оралдың «Жайығы» атыраулықтарды 3:0 (25:16, 25:17, 25:11) есебімен ұтты.

Осылайша, 16 ұпай жинаған оралдықтар турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.Бұған дейін көш бастаған «Жетісу» (Талдықорған) Алматының «Буревестнигінен» жеңіліп қалды — 0:3 (24:26, 20:25, 18:25).

«Павлодар» ел чемпионы «Таразды» 3:0 (25:15, 27:25, 31:29) есебімен тізе бүктірді.Алаң иелері 15 ұпаймен «Жетісу» клубымен теңесті.

Кубок және суперкубок иегері «Ақтөбе» СҚО-ның «Есілінен» басым түсті — 3:0 (25:13, 25:20, 25:18).

Жұма күні «Атырау» — «Жетісу», «Ұшқын-Көкшетау» — «Ақтөбе», «Есіл» — «Жайық», «Буревестник» — «Павлодар» командалары қай мықтыны анықтайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или