Бокстан Қазақстан чемпионаты: павлодарлық спортшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Қарағандыда өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында 92 келіден жоғары салмақтағы жекпе-жекте павлодарлық Олжас Букаев мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Павлодарлық спортшы үшінші раундта техникалық нокаутпен қарсыласынан басым түсті. Букаев Ақмола облысының боксшысы Мейірбек Мұхтаровпен кездесті.
Бірінші раундта жекпе-жекті созуға тырысқаны үшін Мухтаровқа ескерту берілді, бірақ мөрешілер тең нәтиже тіркеді. Екінші раундтың соңына қарай Мұхтаров нокдаунға түсті. Үшінші раундта Мейірбекке екінші нокдаун тіркеліп, рефери Букаевтың мерзімінен бұрын жеңіске жеткенін жариялады.
1/4 финал аясында өтетін келесі жекпе-жегін Олжас Букаев Түркістан облысының боксшысы Даниал Сапарбаевқа қарсы өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или