Әліби Ыдрыс: Бағдатты болашақта әлемдік лигалардан көргім келеді

Әліби Ыдрыс: Бағдатты болашақта әлемдік лигалардан көргім келеді

Қазақстандық файтер Әліби Ыдрыс 21 желтоқсанда Семейде өтетін NAIZA 70 турнирінің кардына қатысты пікірін айтты.

- Минималды салмақ дәрежесінде Бекжан Әбілқасым мен Бежан Ходжалиев сияқты мықты жауынгерлер бар. Бағдат осы күнге дейін Instagram желісінде: "Чемпион болғыларың келсе, мен дайынмын, жекпе-жекті қабылдаңдар" деп айтқан болатын. Бұл жағынан Бағдат ешкімнен проблема көріп тұрған жоқ. Ол бұл спортта әлі жас, бойында күші тасып тұр, оның білімі мен жүріп өткен жолдары да мықты.  

NAIZA біз үшін және Бағдат үшін үлкен трамплин болды. Мен оны болашақта үлкен лигаларда көргім келеді. Егер осы қорғаудан кейін NAIZA-да қалатын болса, ол жас мықты жауынгерлермен үлкен әрі тартысты жекпе-жектер өткізеді деп ойлаймын.  

Конкуренция әрқашан болады, ал қарсыласты менсінбеу деген нәрсе жоқ. Бағдат мұны жақсы түсінеді. Ол әрбір жекпе-жегіне барынша жауапкершілікпен қарап, жоғары дайындықпен келеді және өзінің мықты екенін дәлелдегісі келеді. Егер Ходжалиев пен Әбілқасым сияқты жігіттер белбеуге таласуға ниет білдірсе, Бағдат ешқашан жекпе-жектен қашпайды деп ойлаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или