Мбаппе «Реал» сапында Бэйл мен Асенсионың жетістігін қайталады
Құрлықаралық кубоктың финалында «Реал Мадрид» шабуылшысы Килиан Мбаппе мексикалық «Пачука» қақпасына (3:0) бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Осылайша, ол мадридтік клуб ойыншылары арсында керемет жетістікке қол жеткізді.
Opta Sport хабарлағандай, Мбаппе кейінгі 10 жылда «Реал» сапындағы алғашқы екі финалда гол соққан үшінші ойыншы атанды. Бұл жетістікке бұрын уэльстік вингер Гарет Бэйл (2014) мен испаниялық Марко Асенсио (2017) қол жеткізген болатын.
Айта кетейік, Мбаппе бұған дейін команда сапында УЕФА суперкубогын жеңіп алған болатын.
Осы маусымда Мбаппе клуб сапында барлық турнирде 23 матчқа қатысып, 13 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или