Қазақстандық теннисшілер Абу-Дабидегі турнирде өнер көрсетеді

Қазақстандық теннисшілер Абу-Дабидегі турнирде өнер көрсетеді

19-22 желтоқсан аралығында Абу-Дабиде (БАӘ) World Tennis League атты ірі теннис турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz 

Аталмыш жарыста Қазақстан ұлттық құрамасының екі спортшысы өнер көрсетеді.

Спорттық шараға Елена Рыбакина және Александр Шевченко қатысады. Рыбакина Falcons командасының сапында өнер көрсетсе, ал Шевченко Eagles құрамына енді.

Falcons: Андрей Рублев (Ресей), Денис Шаповалов (Канада), Елена Рыбакина (Қазақстан), Каролин Гарсия (Франция).

Eagles: Александр Шевченко (Қазақстан), Стефанос Циципас (Грекия), Ига Швентек (Польша), Паула Бадоса (Испания).

Kites: Ник Кирьос (Австралия), Каспер Рууд (Норвегия), Симона Халеп (Румыния), Жасмин Паолини (Италия).

Hawks: Джордан Томпсон (Австралия), Сумит Нагал (Үндістан), Мирра Андреева (Ресей), Арина Соболенко (Беларусь).

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или