Жаңа президент ұлттық құраманың бас бапкерін ауыстырады
20 желтоқсанда Қазақстан футбол федерациясының кезектен тыс президент сайлауы өтіп, жаңа басшы сайланады, деп хабарлайды Prosports.kz
Келген жаңа президент бірден ұлттық құраманың бас бапкерін ауыстырады деп жазады KazFootball.kz порталы.
Басылымның ақпараты бойынша, федерация президенті кім болғанына қарамастан бірінші кезекте бас бапкерді ауыстырады. Өйткені жаңа басшыға осындай міндет қойылмақ.
Ресейлік бапкермен келісімшартты экс-президент Әділет Бәрменқұлов 2024 жылдың маусымында екі жылға жасасқан еді. Бейресми ақпараттарға сенсек, егер келісімшарт мерзімінен бұрын бұзылса, ҚФФ Черчесовке 1 млн еуро көлемінде өтемақы төлеуі тиіс.
Айта кетейік, 20 желтоқсанда сайлауға қатысатын төрт үміткер бар. Алғашында алтау болғанымен, кейін екеуі қатардан шығып қалды.