Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыста жұптық сында ширек финалға жолдама алды
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Нави-Мумбай (Үндістан) ITF W50 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz
Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші мен үндістандық Шривалли Бхамидипати алғашқы айналымда қиналған жоқ.
Ж.Құламбаева — Ш. Бхамидипати корт иелері Шехаль Мане — Сонал Патилды оңай жеңді.
Екі партияда да 6:2 есебі тіркелді.
Ойын небәрі 53 минутқа созылды.
Қазақстандық-үндістандық жұп жартылай финалға шығу үшін таилықтар Тхасапорн Накло — Буньяви Тамчайватпен шеберлік таластырады.
Дереккөз: Kaz.inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или