Ерлан Жамантаев ҚФФ президенті кандидатурасынан неге бас тартқанын айтты

Ерлан Жамантаев ҚФФ президенті кандидатурасынан неге бас тартқанын айтты

Ерлан Жамантаев «Серый Cardinal» Telegram-арнасына Қазақстан футбол федерациясының президенті сайлауынан өз кандидатурасын не себепті алып тастағанын түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Ең алдымен, осы күндері мені қолдаған баршаңызға алғысымды білдіремін. Сіздердің әрбір пікірлеріңіз, әрбір кеңестеріңіз маған өте құнды болды. Осы қысқа уақыт ішінде елімізде футболға шын жанашыр патриоттардың көп екенін түсіндім. Бірақ барлық оң мен солын саралай келе, ҚФФ президенттігіне өз кандидатурамды ұсынбау туралы шешім қабылдадым. Шын жүректен мықты үміткердің жеңіске жетіп, футболымызды жаңа деңгейге көтеруін тілеймін. Біз футбол саласында жұмысымызды жалғастырамыз және жаңа президент пен қазіргі бас хатшы бастаған жаңа менеджмент командасына футболымызды жақсартуда көмектесетініміз сөзсіз, – деді ҚФФ президенттігіне ендігі бұрынғы үміткер.

«Магомед Адиевті қайтарар едім»: ҚФФ президенттігіне үміткер жоспарларын бөлісті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или