«Атырауда» екі жыл ойнаған футболшы клубсыз қалды

«Атырауда» екі жыл ойнаған футболшы клубсыз қалды

«Атыраудың» беларусьтік қорғаушысы Никита Степанов Legalbet.kz клубына берген сұхбатында клубтағы болашағы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Келісімшарт аяқталды, оны ұзартуды ешкім ұсынған жоқ. Қазақстандағы лимит туралы ештеңе белгісіз.

Нақты ұсыныс жоқ. Ұсыныс болса, айтар едім», - деді футболшы.

28 жастағы қорғаушы «Атырауға» 2023 жылы ақпанда «Ислочьтен» еркін агент ретінде ауысқан. ҚПЛ-2024 турнирінде 22 кездесуге қатысып, бір нәтижелі пас берді. 2020 жылы Беларусь құрамасы сапында бір матч өткізген.

Transfermarkt футболшыны 400 мың еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или