Шавкат Рахмонов 25-0 қылады, ал Лео Месси Қазақстан чемпионатында гол соғады. Қаншалықты ықтимал?
Қазақстанда UFC файтеріне, футбол құрамасына немесе үлкен турнирлердегі теннисшілерді қолдайтын жанкүйер өте көп.
Tennisi.kz букмекері Qazaq Bookmaker бөлімін ашты, онда қазақстандық спортшылар мен командаларға байланысты бәстер дайындады.
Бұл бөлімін компания сайты мен қосымшасының «Эксклюзив» айдарынан таба аласыздар. Дәл қазір Qazaq Bookmaker-де 26 оқиға бар. Олардың ішінде:
Шавкат Рахмонов кәсіпқой ММА-дегі алғашқы 25 жекпе-жегінің бәрін жеңеді
Бұрын жеңілмеген Иэн Гэрриді үлкен қиындықпен жеңгеннен кейін қазақстандық файтер дәл қазір 19 жеңіспен келе жатыр. Шавкат 25-0 қылады дегенге Tennisi.kz 7.80 коэффициент ұсынады.
Бақтиер Зайнутдинов карьерасының соңына дейін Қазақстан құрамасныда 30 гол соғады
«Бешікташ» ойыншысы – ұлттық команданың үздік сұрмергені. Зайнутдинов 26 жаста ғана, алда құрама сапында әлі талай ойнайды. Тағы 16 гол соға ала ма? Tennisi.kz мұндай бәске 2.90 коэффициент беріп отыр.
Қазақстан құрамасы ӘЧ-2026 турниріне қатысады
Станислав Черчесов командасы Ұлттар лигасының алты матчында да гол соға алмай, жанкүйерлердің көңіл-күйін түсірді. Құрама мундиальға өте ала ма? Мұндай оқиғаға Tennisi.kz 11.00 коэффициент ұсынды.
Qazaq Bookmaker бөлімінде орындалуы екіталай бәстер де бар. Мысалы:
Лионель Месси Қазақстан чемпионатының ресми матчында гол соғады
Лео карьерасын Майамиде аяқтайтынын әлі айтпады. Мансабының соңында «Ньюэллс Олд Бойзға» кететін шығар. Бірақ күтпеген жерден «Қайрат», «Астана» немесе «Ордабасыға» ауысып кетсе ше? Бұл бәс 200.00 коэффициентке бағаланған. Криштиану Роналду мен Неймардың дәл осындай бәсіне 100.00 коэффициент ұсынылды.
Қазақстандық футболшы 2030 жылға дейін «Алтын доп» жеңіп алады
Tennisi.kz бұған 300.00 коэффициент берген. Бірнеше жыл бұрын Родри «Алтын доп» жеңеді дегенге де шамамен осындай коэффициент болған шығар. Бірақ сол бәс орындалды ғой.
Qazaq Bookmaker бөліміне өтіп, Қазақстан спортына эксклюзив бәстердің толық тізімімен танысыңыздар.