Қазақстандық ауыр атлеттердің болашағы бар ма? Зілтеміршілердің әлем чемпионатындағы нәтижелері

Қазақстандық ауыр атлеттердің болашағы бар ма? Зілтеміршілердің әлем чемпионатындағы нәтижелері

Манамада (Бахрейн) өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін үлкен жетістік болды. Біздің атлеттер екі алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, күміс медаль да бар, бұл Қазақстан ауыр атлетикасының болашақтағы мүмкіндіктерін көрсетеді. Olympic.kz ауыратлеттердің нәтижесін жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұзақ уақыт бойы ауыр атлетика құрамасы бірнеше жыл бойы болған дауға қарсы тұрды. Бұл дауға допинг оқиғалары, негізгі көшбасшы спортшылардың жарақаттары және тағы басқа себептер кесірін тигізді.

Бұл дағдарыстың шыңы 2024 жылғы Олимпиада ойындарында біздің ауыр атлеттердің болмауынан көрсек болады. Мұндай жағдай бұрын болмаған еді, сондықтан отандық ауыр атлетиканың болашағына қатысты сұрақтар пайда болады.

Өткен әлем чемпионаты құраманың қазіргі деңгейін көрсетуі тиіс еді. Келесі олимпиада ойындарында оларға сенім артуға бола ма?! Белгілі болғандай, әрине.

Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткеннен кейін допингпен ұсталған жас спортшылар әлем чемпионатына дайындалып, қайта оралды. Бұл жайтты ерекше атап өту керек, олар допингті әдейі қолданбағанын дәлелдей алды. Ол заттар АҚШ-тан жеткізілген спорттық тамақпен бірге денелеріне кірген. Сондықтан шеттетілу мерзімі қысқарды.


Алайда, құрама мүшелерінің жүлде алатынына ешқандай кепілдік жоқ еді. Әрине, қайта оралу – күрделі процесс. Әлем чемпионаты сияқты ірі турнирге алдын ала халықаралық жарыстарда дайындалмай шығу – оңай шаруа емес.

Осы үшін дайындық кезеңінде Федерация, бапкерлер, спортшылар және тағы басқалар өзара үйлесімді жұмыс істеу керек болды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы бұл тапсырманы орындап, әлем чемпионатында медальдар еншіледі.

Нұрғиса Әділетұлынан (96 келіге дейін) медаль күткен тек Қазақстан ғана емес. Бірқатар сарапшылар оның бұған дейін бірқатар турнирлерде жеңімпаз болғанын ескере отырып, фавориттер тізіміне енгізді.


Әділетұлы сенімді ақтады. Ол өзіне тән емес жұлқа көтеруде тамаша өнер көрсетті. Ал серпе көтеруден бапкерлер штабы Нұрғисаны жеңіске жеткізу үшін тамаша дайындық жасады. 388 келіні көтеріп (174+224) алтын медаль жеңіп алды.

Алексей Чуркин (81 келіге дейін) де ауыр атлетика жанкүйерлерін қуантты. Ол жарыс басталмас бұрын-ақ сарапшыларды таңғалдырды. Жаттығу барысында спортшы серпе көтеруден екі рет 200 келіні бағындырды. Сол себепті оны болашақ медаль иегерлерінің қатарына жатқызды.


Болжамдар ақталды. Чуркин күміс медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, 204 келіні көтеріп, әлем чемпионатының алдында өткен жаттығу барысындағы көрсеткіштерінен де жақсы нәтиже көрсетті. Ал жұлқа көтеруден оның ең жақсы көрсеткіші 164 келіні құрады, нәтижесінде 368 келіні бағындырды.

Артем Антропов (102 келіге дейін) да таңғаларлық нәтижемен көзге түсті. Жұлқа көтеруде ол ең үздік ондыққа кірмегені жанкүйерлерді алаңдатты. Алайда ол өзіне артылған сенімді ақтап шықты. Серпе көтеруден ол әлемдегі ең үздік спортшылардың бірі екенін көрсетті. Ол салмақ көтеру бойынша қарсыластарын қуып жетіп қана қоймай, алтынға таласта ешкімге мүмкіндік бермеді. Оның қорытынды нәтижесі 400 келіні (170+130) құрады. Айта кетейік, өткен жаздағы Олимпиадада осы салмақта Қытайдың Лю Хуаньхуа 406 келіні көтеріп жеңіске жеткен еді.


Манамада А тобында да Александр Уваров (81 келіге дейін, бесінші орын), Аиша Омарова (76 келіге дейін, бесінші орын), Любовь Ковальчук (87 келіден жоғары, алтыншы орын) өнер көрсетті. Өкінішке қарай, жарыс кезінде Ақмолда Сайрамкез (67 келіге дейін) және Андас Самарқанов (109 келіге дейін) жарақат алды. Бапкерлер штабы олардың жеңісіне үміттенгенін атап өту керек. Спортшылар ауыр жарақаттан аулақ болып, тезірек қалыпқа келеді деген үміттеміз.

Медальдар санында Қазақстан 76 елдің арасында үшінші орынға ие болды. Алда тек Солтүстік Корея мен Қытай. Өткен әлем чемпионатында Қазақстан медальдардан айырылған еді. Сондықтан қазіргі нәтиже - бұл құраманың нағыз жетістігі, ал болашақта атлеттерден одан да үлкен жетістіктер күтуге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или