«Барыс» қақпашысы ҚХЛ-да күннің үздік ойыншысы атанды
Мәскеуде «Динамо» мен «Барыс» арасында ҚХЛ матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Аркадий Чернышев атындағы ВТБ Арена» стадионында өткен кездесуде қазақстандық команда 2:0 есебімен жеңіске жетті. «Барыс» сапында дубль авторы Антон Бурдасов болды.
Бұл жеңіс «Барыстың» ұзаққа созылған жеңіліс сериясын тоқтатты. Команда қатарынан 8 матчта жеңіске жете алмай, тек 1 ұпай ғана жинаған еді.
Сонымен қатар, астаналық команданың қақпашысы Никита Бояркин қарсыластың барлық 39 соққысын қайтарып, маусымда үшінші рет «құрғақ» ойын көрсетті. Ол ҚХЛ-дағы күннің үздік ойыншысы деп танылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или