А Сериясының клубы «Ордабасы» футболшысын қатарына қосты

А Сериясының клубы «Ордабасы» футболшысын қатарына қосты

Бразилиялық «Жувентуде» клубының ресми сайтында 2024 жылы Қазақстанда ойнаған футболшымен келісімшарт жасасқаны туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Оң жақ қорғаушы Режиналдо – «Жувентуденің» 2025 жылғы алғашқы трансфері. 2023 жылы В сериясының вице-чемпионы атанған «Жувентуденің» негізгі құрамында тұрақты ойыншы болған 31 жастағы қорғаушы Режиналдо «Алфредо Жакониге» (Prosports.kz еск. - «Жувентуде» клубының алаңы) 2025 жылға арналған алғашқы трансфер ретінде оралды. Командадан кеткеннен кейін Қазақстан футболында өнер көрсеткен спортшы 3 қаңтарда ұжымға қосылады.

Осы маусымда ол Қазақстанның «Ордабасы» клубында ойнап, 19 матчқа қатысты, оның ішінде Конференциялар лигасының іріктеу кезеңі де бар. Енді футболшы өзінің мансабындағы маңызды сәттердің бірі өткен клубқа оралып, Бразилияға қайта келеді.

«Мен «Жувентудеге» қайта оралғаныма өте-өте қуаныштымын және «Жаконера» жанкүйерлерімен «Жакони» стадионында қайта кездесуді асыға күтемін. «Жақсы ұл өз үйіне оралады» деген сөз бар. Мен «Жувентуденің» 2025 жылғы мақсаттарына жету үшін шабыттанып, үлкен үмітпен оралып отырмын», – деді футболшы клубтың ресми сайтына берген сұхбатында.

Режиналдо Лопес де Жезус 2024 маусымының алдында «Ордабасы» сапына Бразилияның «Агуа Санта» клубынан еркін агент ретінде ауысқан болатын. Ол Қазақстан Премьер-лигасының 2024 маусымында 13 матч өткізіп, 1 гол соқты. Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, футболшының қазіргі нарықтық құны – 250 мың еуро.

Айта кетейік, «Жувентуде» Бразилия чемпионатының ең жоғары дивизионы – А Сериясында өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или