Жылдың үздік бапкері: Черчесов кімге дауыс берді?

Жылдың үздік бапкері: Черчесов кімге дауыс берді?

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері, ресейлік Станислав Черчесов ФИФА нұсқасы бойынша 2024 жылдың үздік бапкерін анықтау үшін дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Черчесов бірінші орынға «Реал» бас бапкері италиялық Карло Анчелоттиді қойды. Үздік үштікке «Манчестер Сити» бапкері Хосеп Гвардиола мен «Байерді» жаттықтыратын Хаби Алонсоны қосты.

2024 жылы ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік бапкері марапатын Анчелотти жеңіп алған еді.

Черчесов Қазақстан құрамасын 2024 жылдың жазынан бері жаттықтырады. Оның баптауымен құрама Ұлттар лигасы В дивизионында соңғы орын алып, алты матчтың бесеуінде жеңілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или