Джамал Мусиала 2024 жылғы ең бақытты сәттерін атады
Германия құрамасы мен «Бавария» клубының 21 жастағы жартылай қорғаушысы Джамал Мусиала 2024 жылғы ең бақытты сәттерін атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Чемпиондар лигасының ширек финалында «Арсеналға» қарсы ойында алға шыққан кезіміз ерекше есте қалды. Содан кейін, Мадридте Фонзи (Альфонсо Дэвис) гол соғып, жартылай финалдың қарымта матчында бізді 1:0 есебімен алға шығарған сәт. Жалпы, Еуро-2024 мен үшін толықтай бақытқа толы болды: әрбір гол, жанкүйерлермен әр кездесу. Ашылу матчында Шотландияға қарсы салған голым, 1/8 кезеңінде Данияны жеңгеніміз. Испаниямен ойынға дейін бақытты болдым», — деп келтіреді Мусиаланың сөзін Bayern & Germany.
Осы маусымда Мусиала «Бавария» сапында барлық турнирде 21 матчқа қатысып, 12 гол және 5 нәтижелі паспен көзге түсті. Ойыншының клубпен қазіргі келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының нарықтық құны 130 млн еуро.