Хабиб Нурмагомедов балаларының қандай спортпен шұғылданатынын айтты
UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов балаларын жекпе-жек спортымен айналыстырғысы келмейтінін айтты.
- Балаларым жаттығады, бірақ жарыстарға қатыспайды. Олар мықты болуы керек, сол үшін гимнастикамен айналысады. Ешқандай жекпе-жек түрлерімен айналыспайды. Мен өзім төбелесуді білемін, қажет болса, оларды қорғаймын. Оларға төбелесудің керегі жоқ, - деді Хабиб Нурмагомедов.
Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов қазір 36 жаста. Ол аралас жекпе-жек спортына 2008 жылы кәсіби деңгейде қадам басып, 2020 жылы спорттық мансабын аяқтаған болатын. Оның есебінде 29 жеңіс бар және кәсіби мансабында бірде бір рет жеңілмеген.
Дереккөз: kaz.nur.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или