ФИФА 2024 жылдың үздік құрамын жариялады

ФИФА 2024 жылдың үздік құрамын жариялады

ФИФА ұйымы үздік футболшылардан тұратын құрамды жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қақпашы: Эмилиано Мартинес («Астон Вилла», Аргентина);

Қорғаушылар: Дани Карвахаль («Реал», Испания), Рубен Диаш («Манчестер Сити», Португалия), Уильям Салиба («Арсенал», Франция), Антонио Рюдигер («Реал», Германия);

Жартылай қорғаушылар: Родри («Манчестер Сити», Испания), Тони Кроос («Реал», Германия), Джуд Беллингем («Реал», Англия);

Шабуылшылар: Ламин Ямал («Барселона», Испания), Эрлинг Холанд («Манчестер Сити», Норвегия), Винисиус Джуниор («Реал Мадрид», Бразилия).

Бұл құрам ойыншылардың 2023 жылдың 21 тамызы мен 2024 жылдың 10 тамызы аралығындағы көрсеткіштерін ескереді. Жеңімпаздарды ұлттық құрама капитандары мен жаттықтырушылары, жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері дауыс беру арқылы анықтайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или