Бразилиялық футболшы ФИФА нұсқасы бойынша 2024 жылдың үздік ойыншысы атанды

Бразилиялық футболшы ФИФА нұсқасы бойынша 2024 жылдың үздік ойыншысы атанды

Мадридтік «Реал» мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Винисиус Жуниор ФИФА нұсқасы бойынша 2024 жылдың үздік футболшысы деп танылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Винисиус 2007 жылдан бері әлемнің ең үздік ойыншысы атағын жеңіп алған алғашқы бразилиялық атанды.

Жүлдеге басқа үміткерлер қатарында Джуд Беллингем (Англия/«Реал»), Даниэль Карвахаль (Испания/«Реал»), Эрлинг Холанд (Норвегия/«Манчестер Сити»), Тони Кроос (Германия/«Реал»), Килиан Мбаппе (Франция/ПСЖ, «Реал»), Лионель Месси (Аргентина/«Интер Майами»), Родри (Испания/«Манчестер Сити»), Федерико Вальверде (Уругвай/«Реал»), Флориан Вирц (Германия/«Байер»), Ламин Ямаль (Испания/«Барселона») болды. 

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың соңындағы «Алтын допқа» дауыс беруде Винисиус «Манчестер Сити» мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Родриден ұтылып, екінші орын алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или