«Астана» баскетбол командасының бас бапкері алдағы ойын жайлы пікір білдірді
«Астана» баскетбол командасының бас бапкері ВТБ Біріккен Лигасындағы алдағы ойын жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz
«Астана» бас бапкерінің міндетін атқарушы Глеб Плотников ВТБ Біріңғай лигасы аясында Пермь облысының «Парма» командасымен өтетін матчқа қатысты күтілетін нәтижелерін айтты:
««Парма» — мықты команда, олар өз қарсыластарын жеңу қабілетін бірнеше рет дәлелдеді, оның ішінде осы маусымда да. Біз қиын матч күтіп отырмыз. Біз жарақаттар мен аурулармен күресуді жалғастырамыз, сондықтан алаңға шығатын ойыншылар өздеріне ғана емес, серіктері үшін де тұрақтылық танытып, барын салып ойнауы керек», — деді Плотников.
Еске сала кетейік, бүгін, 17 желтоқсанда «Астана» «Парма» командасымен Біріңғай лига аясында кездесу өткізеді. Ойын Астанада, «Жекпе-жек» спорт сарайында өтеді.