Манчестер дербиі қайғылы оқиғамен аяқталды

Манчестер дербиі қайғылы оқиғамен аяқталды

«Манчестер Сити» мен «Манчестер Юнайтед» арасындағы Англия чемпионатының 16-тур матчында жанкүйерлердің бірі қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Манчестер Сити» болған қайғылы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады:

«Манчестер Сити» кешегі матчтағы медициналық жағдайдан кейін жанкүйерлеріміздің бірінің қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды естіді. Клуб мүшелерінің бар ойы қазір марқұмның отбасы мен жақындарымен бірге», - делінген клубтың X әлеуметтік желісіндегі парақшада.

Матч 15 желтоқсанда Манчестер қаласындағы «Этихад» стадионында өтті. Ойын 2:1 есебімен қонақтардың, яғни «Манчестер Юнайтедтің» жеңісімен аяқталды.

Осы нәтижеден кейін «Манчестер Сити» 16 матчта 27 ұпай жинап, АПЛ турнир кестесінде бесінші орында тұр. Ал «Манчестер Юнайтед» 22 ұпаймен 12-орынға жайғасты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или