Неймар мен Месси бір командада ойнауы мүмкін

Неймар мен Месси бір командада ойнауы мүмкін

«Әл-Хиләл» шабуылшысы Неймар командаластарына келісімшарты аяқталғаннан кейін «Интер Майамиге» ауысуды жоспарлап отырғанын айтқан, деп жазады Prosports.kz.

Sky Sport Switzerland мәліметінше, 32 жастағы бразилиялық футболшының «Әл-Хиләлмен» келісімшарты 2025 жылдың жазында аяқталады.

«Интер Майами» сапында Неймардың «Барселонадағы» бұрынғы әріптестері Лионель Месси, Серхио Бускетс және Жорди Альба өнер көрсетеді. Клубты каталониялық команданың тағы бір бұрынғы ойыншысы Хавьер Маскерано жаттықтырады.

Бұған дейін Неймар мен «Әл-Хиләл» келісімшартты ұзартпауы мүмкін екені хабарланған болатын. Бразилиялық футболшы жарақатына байланысты бір жылдай алаңға шықпады және осы маусымда екі матчта 42 минут ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или