Кәрім Бензема осы маусымның соңында карьерасын аяқтауы мүмкін

Кәрім Бензема осы маусымның соңында карьерасын аяқтауы мүмкін

Кәрім Бензема осы маусымның соңында карьерасын аяқтау мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

 Relevo мәліметінше, 36 жастағы француз әлі соңғы шешім қабылдамады, бірақ осындай ойға жетелейтін белгілер бар екенін мойындаған.

Соған қарамастан, «Әл-Иттихад» басшылығы Бензема 2026 жылдың жазына дейін есептелген келісімшартының соңына дейін ойнайды деп күтіп отыр.

Кәрім мадридтік «Реалмен» клуб елшісі қызметі туралы алдын ала келісімге келген. Ол бұл клубта 14 маусым ойнаған.

Бензема 2023 жылы жазда «Әл-Иттихадқа» еркін агент ретінде ауысқан. Осы маусымда ол барлық турнирде 11 матчқа қатысып, 10 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или