Кирилл Герасименко Азия командасында өнер көрсетті

Кирилл Герасименко Азия командасында өнер көрсетті

Норвегияда үстел теннисінен Waldner Cup турнирі өтті.

Онда Азия мен әлем құрамалары өнер көрсетті. Азия құрамасы сапында қазақстандық Кирилл Герасименко, сондай-ақ Ма Лонг, Чень Мэн, Джанг Уджин, Лим Джонхун, Шин Юбин, Маники Батра өнер көрсетті.

Олардың қарсыласы Трульс Морегард, Дмитрий Овчаров, Уго Калдерано, Адриана Диас, Бернадетте Сёч болды.

Азия құрамасы 14:10 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Ян-Уве Вальднер Халықаралық үстел теннисі федерациясының нұсқасы бойынша 20-ғасырдың үздік ойыншысы, әлем және Олимпиада чемпионы.

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или