Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы бәйгеде топ жарды
Нугул атты қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы бәйгеде мәреге бірінші келді.
"Мейдан" ипподромында өткен 1200 метр қашықтықтағы бәйгеге 5 тұлпар қатысты. Нугул мен жокей Эндрю Слаттери 4-нөмірде жарыс жолына шықты. Алғашында қазақстандық тұлпар бәрінен артта келе жатқанымен, мәреге бірнеше метр қалғанда оза шауып, жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, Нугул – ақтөбелік атбегі Марат Көшеровтің сәйгүлігі. Тұлпардың бапкері – үндістандық Бхупат Симар.
Дереккөз: kaz.nur.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или