«Манчестер Ситидің» экс-футболшысы және Ресей чемпионы Грузия президенті болып сайланды

«Манчестер Ситидің» экс-футболшысы және Ресей чемпионы Грузия президенті болып сайланды

Бұрынғы кәсіпқой футболшы, 1995 жылы «Спартак-Алания» сапында Ресей чемпионы атанған Михаил Кавелашвили Грузия президенті болып сайланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Грузияның Орталық сайлау комиссиясы 14 желтоқсанда президенттік сайлаудың ресми түрде аяқталғанын хабарлады. Бұл туралы брифингте Грузияның ОСК баспасөз хатшысы Натия Иоселиани мәлімдеді.

6 желтоқсанда ОСК Кавелашвилиді жалғыз кандидат ретінде тіркеген болатын.

53 жастағы Михаил Кавелашвили «Грассхоппер» сапында Швейцария чемпионы, тбилисилик «Динамо» клубында бірнеше рет Грузия чемпионы атанған. Ол ел құрамасында 46 матч өткізіп, 9 гол соқты.

1995 жылы «Спартак-Алания» клубына қосылып, Ресей чемпионы атанған. Кавелашвили «Динамо» Тбилиси, «Манчестер Сити», «Грассхоппер», «Цюрих», «Люцерн», «Сьон» және «Базель» клубтарында өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или