Карло Анчелотти «Реал Мадридтен» кете ме?

Карло Анчелотти «Реал Мадридтен» кете ме?

«Реал Мадрид» бас бапкері Карло Анчелоттидің келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін есептелген, бірақ түрлі деректерге сәйкес, ол осы маусым аяқталғаннан кейін мадридтік клубтан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

RomaPress ақпараты бойынша, осы мүмкіндікті пайдаланып, «Рома» Анчелоттиге бас бапкер қызметін ұсынуға дайын. Қазіргі бапкер Клаудио Раньери «қасқырларды» ұзақ уақыт жаттықтыруды жоспарлап отырған жоқ және жақын арада клубта басқарушы лауазымдарының біріне ауысады.

Карло Анчелотти «Романың» аңыз ойыншысы, ол командада сегіз маусым ойнаған.

Анчелотти «Реалдан» кеткеннен кейін оның орнына «Байер» бапкері Хаби Алонсо келуі мүмкін деген ақпарат тараған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или