Африка Формула-1 жарысын өткізуге ресми өтінім берді
Руанда ресми Формула-1 кезеңін өткізуге өтінім берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Руанда президенті Поль Кагаме Халықаралық автомобиль федерациясының (FIA) бас ассамблеясында айтты.
«Мен Руанданың Формула 1 Гран-приін өткізу арқылы Африкаға жарысты қайтаруға ниет білдіріп жатқанын ресми хабарлауға қуаныштымын. Біз бұл мүмкіндікке аса байыптылықпен қараймыз», - деп келтіреді RMC Sport Кагаменің сөзін.
Формула-1 жарысы Африкада 1993 жылдан бері өтпейді, кейінгі Гран-при Кьяламиде (Оңтүстік Африка) өткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или