Хосеп Гвардиола АПЛ күнтізбесін сынға алды
«Манчестер Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиола АПЛ күнтізбесін сынға алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қазіргі күнтізбеде матч көп. Біздегі жарақаттар саны 25-30 футболшыдан тұратын құрам қажет екенін ойлауға мәжбүр етті. Алайда, мұндай көп ойыншы клубтың қаржылық жағдайын ауырлататын болады.
Адамдар үнемі біздің проблема неде деп сұрайды. Негізгі мәселе – күнтізбе. Бұл футболшыларға, физиотерапевттерге, жаттығуларға қатысты емес, ойыншылардың қаншалықты жиі демалатынында», – деп келтіреді Гвардиоланың сөзін Sky Sports.
Еске салайық, «Манчестер Сити» барлық турнирдегі соңғы 10 матчтың тек біреуінде жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или