Хосеп Гвардиола АПЛ күнтізбесін сынға алды

Хосеп Гвардиола АПЛ күнтізбесін сынға алды

«Манчестер Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиола АПЛ күнтізбесін сынға алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазіргі күнтізбеде матч көп. Біздегі жарақаттар саны 25-30 футболшыдан тұратын құрам қажет екенін ойлауға мәжбүр етті. Алайда, мұндай көп ойыншы клубтың қаржылық жағдайын ауырлататын болады.

Адамдар үнемі біздің проблема неде деп сұрайды. Негізгі мәселе – күнтізбе. Бұл футболшыларға, физиотерапевттерге, жаттығуларға қатысты емес, ойыншылардың қаншалықты жиі демалатынында», – деп келтіреді Гвардиоланың сөзін Sky Sports.

Еске салайық, «Манчестер Сити» барлық турнирдегі соңғы 10 матчтың тек біреуінде жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или