Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Қазақстандық зілтемірші Артем Антропов ауыр атлетикадан Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Антропов 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.
Ол жұлқа көтеруде 170 келіні, ал серпе көтеруде 230 келіні бағындырып, жалпы есеп 400 келіге тең болды.
Екінші орынды Катар спортшысы Ибрахим Фарес Эльбах иеленді (399 келі, 174+225), ал үшінші орын испаниялық Маркос Руиз Веласкоға бұйырды (395 келі, 183+212).
Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы үшінші медалі. Бұған дейін Алексей Чуркин (81 келі) күміс жүлде жеңіп алса, Нұрғиса Әділетұлы (96 келі) әлем чемпионы атанған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или