Криштиану Роналдудың нарықтық құны тағы да төмендеді
Transfermarkt порталы Португалия құрамасы мен «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналдудың нарықтық құнын жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
39 жастағы футболшының құны 12 млн еуроға бағаланған (бұрын 15 млн еуро болған).
Осы маусымда Роналду барлық турнирде 19 матчқа қатысып, 16 гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Футболшының клубпен қазіргі келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін есептелген.
Бұған дейін Криштиану Роналду ресми ойындарда 916 гол соққан тарихтағы алғашқы футболшы атанды. Роналду «Спортинг» сапында бес, «Манчестер Юнайтед» сапында 145, мадридтік «Реал» сапында 450, «Ювентус» сапында 101, «Әл-Наср» сапында 81 және ұлттық құрамасыда 134 гол соққан. Шабуылшы ұлттық құрама, Еуропа чемпионаты, Чемпиондар лигасы және клубтар арасындағы әлем чемпионатының үздік сұрмергені.