Геннадий Головкин Asian Boxing ұйымының алғашқы ресми отырысына қатысты

Геннадий Головкин Asian Boxing ұйымының алғашқы ресми отырысына қатысты

Қазақстан ҰОК президенті, Халықаралық бокс федерациясы World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин, Қазақстан ҰОК-нің бас хатшысы Әлімжан Ақаев және Қазақстан бокс федерациясының өкілдері Asian Boxing ұйымының алғашқы ресми отырысына қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz 

Сонымен қатар Таиланд бокс федерациясының президенті Пичай Чунхаваджира және Азия елдерінен басқа қатысушылар да болды. 

Еске сала кетейік, Asian Boxing - World Boxing ұйымының қолдауымен құрылған жаңа ұйым, оның басты мақсаты Азия аумағында боксты дамыту мен ілгерілету, сондай-ақ Олимпиада қозғалысында бокс спортын сақтау. Қазіргі уақытта оның құрамында 60 Азия елінің ұлттық федерациялары бар.  

Жаңа Азия федерациясының штаб-пәтері келесі сайлауға дейін Таиландта орналасады. Asian Boxing уақытша президенті болып біржақтан Пичай Чунхаваджира сайланды. Ол қатысушыларға сенім білдіргендері үшін алғыс айтты.

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или