Бокстан Азия чемпионатындағы Өзбекстанның әділетсіз «алтыны» Қазақстанға берілді
Қазақ боксшысы Абылайхан Жүсіпов өзбекстандық Хавасбек Асадуллаевқа қарсы финалдық жекпе-жекте болған жанжалды оқиғадан кейін Азия чемпионы деп танылды, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.
71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Жүсіпов өзбекстандық спортшы Хавасбек Асадуллаевпен бокстасып, төрешілер шешімімен жеңіліп қалды. 11 желтоқсанда Қазақстан бокс федерациясы IBA және ASBC ұйымдарына наразылық жолдады, өйткені эпизодтардың бірінде өзбек спортшысы Абылайханды иығынан тістеп алған.
Нәтижесінде IBA жекпе-жекті қарап шығып, жеңісті Жүсіповке берді, ал Ассадулаев жарыстардан уақытша шеттетіледі.
Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері, сонымен қатар еншісінде 2017 және 2021 жылғы Азия чемпионаттарында күміс жүлдегері бар.