Алматы Орталық стадионының басқарушысы қызметінен кетті
Алматының бас футбол алаңы - Орталық стадион басқарушысы Бауыржан Жұмажанов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алматы қаласының спорттық нысандары дирекциясының мәліметінше, Орталық стадионының батыс секторындағы алты қатар қардан уақытылы тазаланбаған. Соның кесірінен «Астана» мен «Челси» ойынына келген жанкүйерлерге қолайсыздықтар туындаған.
- «Орталық стадион» нысанының басқарушысы Бауыржан Жұмажанов қызметінен шеттетілді. Жанкүйерлердің жайлылығы біз үшін аса маңызды, әсіресе, осындай маңызды ойындарда. Болашақта мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін бар күшімізді саламыз, - деп хабарлады Алматы қаласының спорттық нысандары дирекциясынан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или